Тарбағатайдағы перзентханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Биыл Тарбағатайда аудандық аурухананың перзентхана бөліміне және аурухана ғимаратының жылу, кәріз, су жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұл туралы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры арқылы аудандағы оңалту орталығы да жабдықталмақ.
Ауруханада биыл сервистік ақылы палата ашылған. Алдағы уақытта КТ аппаратын алу да жоспарланып отыр.
Аудан әкімінің айтуынща, бүгінгі күннің өзінде хурургтар көптеген оперативтік емдерді облыс орталығына жібермей, өз деңгейлерінде көрсетіп жатқан көрінеді. Мәселен, биыл алғаш рет наркоз арқылы фиброколоноскопия тексеруі жасап басталып, 85 адам тексеруден өтті. Семей қаласының онкологиялық орталығында жатыр мойыны ауруларына клиникалық кольпоскопия жүргізу бойынша акушер-гинеколог дәрігер біліктілігін арттырған, алдағы уақытта медициналық қызметтің бұл түрі де аудандық ауруханада қолжетімді болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігін айтқан болатын.