KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

ШҚО-ның екі қаласында қолайсыз метеожағдай

Фото: Тілеубек Шаяхмет

26.01.2024, 11:37 51

Қазгидрометтің хабарлауынша, 26 қаңтарда Өскемен мен Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжануда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

Мамандардың атуынша, қолайсыз метеожағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіз күн, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

 

Қолайсыз метеожағдай болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы ықтимал.

 

 

Қолайсыз метеожағдайда ұсынылады:

 

 

ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқартыңыз;

 

 

балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек;

 

 

өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек;

 

 

ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спорттық шараларды жабық спорт кешендерінде жүргізу керек.

 

 

                                                                    Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив