KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, В
477.04 520.78 5.37

Өскеменде биыл ашылатын мектептерге қабылдау басталды

pexels.com

13.07.2024, 15:00 113 Назерке Каримова

Өскемен қаласында 2024-2025 оқу жылында білім саласында "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы негізінде бірнеше жаңа мектеп ашылады.

Оның бірі Бабкин диірмені ауданындағы Тимофеев көшесінде 300 орындық мектеп және ЖМК ауданындағы Уәлиев көшесінде 600 орындық мектеп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық білім бөлімі қос білім ошағына оқушыларды қабылдау ашылғанын мәлімдеді.

- Жалпы білім беретін № 31 мектепке (Тимофеев көшесі) 2024-2025 оқу жылына қазақ және орыс тілінде 0-сыныптан 11-сыныпқа және № 40 мектепке (Уәлиев көшесі) мемлекеттік тілде 0-сыныптан 11-сыныпқа алдын ала оқушыларды қабылдау жүргізіледі, - деп хабарлады Өскемен қаласының білім бөлімі.


Толық ақпаратты Шәкәрім көшесі, 156 немесе ШҚО білім басқармасынан немесе № 31 мектепке +7 777 989 4369, № 40 мектепке +7777 178 9190 нөмірі арқылы хабарласып білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив