KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
484.11 528.79 5.03

Алдағы жылыту маусымына Риддер ЖЭО-ның іске қосу қазандықтары дайын болады

19.07.2024, 14:45 324 Қызырбек Дүргінбайұлы

Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, соның нәтижесінде қазандықтардың тозуын 17,3 пайызға дейін, ал жылу желілерінг 24,1 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Сапар барысында ол Риддер ЖЭО-ның жөндеу жұмысымен танысты.

Жылу орталығында қазір алты қазандықтың агрегатын, қосалқы жабдықтарды және жылыту бетін, экономайзерлерді, су жылытқыштарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазір мұнда барлығы 17 мекеменің 540-қа жуық адамы жұмылдырылған.

- Биыл жөндеу жұмыстарына 8,5 млрд теңге бөлінді. Оның 5,5 млрд теңгесі турбиналық жабдық қазандықтарын жөндеуге, қалған қаражат жылу желілерін жөндеуге арналған. Барлық материалдарға тапсырыс берілген, жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Жылыту маусымының басында қазандықтар іске қосуға толық дайын болады. Бүгінгі таңда жылу орталығы 50,3 пайыз дайын, - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

Премьер-Министр Олжас Бектенов атқарылып жатқан жұмыс барысын қатаң бақылау қажеттігін атап өтті, өйткені ЖЭО-ның кідіріссіз жұмыс істеп тұруы өте маңызды.

Сонымен қатар тұрғындар да жылыту маусымына қазірден бастап дайындалуы қажет. Пәтерлерін жылылап, жылу құбырларын тазартып ретке келтіріп қойғаны абзал. Бұл тұрғын үйлердегі жылу шығынын азайтады.

– Бұл – халықтың тұрмыс-тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі. Сондықтан бұл жерде қатаң мемлекеттік бақылау – талап пен қадағалау қажет. Мемлекет осында және жалпы алғанда еліміздегі инфрақұрылымды жаңғыртуға өз тарапынан қомақты қаражат салуда. Жұмыс қарқынын арттыра түсу керек. Суық түскенде үйлердің жылусыз қалуына немесе оның жеткіліксіз берілуіне жол бермеу керек. Сапаны сақтай отырып, бекітілген кестеден қалып қоймай, алдын ала шаралар қабылдау маңызды. Алдағы жылыту маусымы жүргізілген жаңғырту жұмыстарының сапасы мен тиімділігінің көрсеткіші болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік, былтырдан бері Шығыс Қазақстанда облыс әкімінің орынбасары бастаған арнайы комиссия жұмыс істеуде. Комиссия өкілдері жөндеу жұмыстары кезінде бұзушылықтарға байланысты барлық мәселелерді қадағалайды.

Қазір станцияны Өскемен жылу желілерінің теңгеріміне беру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл қажет болған жағдайда мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жылу көзіндегі жұмыстар басталғаннан бері 100-ге жуық бейінді маман жұмысқа оралды.

Татьяна Кравченко

Фото: primeminister.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив