Риддер ЖЭО-ның 4 қазандығы келесі айда іске қосылмақ

ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметовтің айтуынша, Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда екі қазандықтағы дайындық 44 пайызды құрайды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Дерекке сүйенсек, Риддердің климаттық ерекшеліктерін ескерсе, жылыту маусымының басынан қаңтар айына дейін үш қазандықтың қуаты жеткілікті. Қатты суық ауа райы басталғанда барлық алты агрегат жұмыс істейді.
Риддер қаласындағы ЖЭО күрделі жөндеу аясында ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын жаңа жылу магистралі салынды. Сондай-ақ жылу сапасын жақсарту үшін жылу беру маусымының басына қарай жаңа жылу магистралімен қатар екі күшейткіш сорғы стансасы да жұмысын бастайды. Бұл нысандардың құрылысы 2018 жылы басталып, аяқталмай қалған. Енді бұл жұмыс қаржыландырылған жеке жоба ретінде белгіленді. Нысандарды алдағы уақытта іске қосу жоспарланған.