KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Таза Қазақстан: ШҚО-да 100-ден астам заңсыз қоқыс орны анықталды

Фото: depositphotos.com

31.07.2024, 18:04 76 Ержан Әбіш

15 сәуірден бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүруде. Әр азамат қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және табиғатты келер ұрпақ үшін сақтауға міндетті.

Бұл ретте «нөлдік төзімділік» принципі де маңызды рөл атқарады. Рейдтік шаралар барысында құқық қорғаушылар 100-ден астам заңсыз қоқыс орнын анықтады, олар жойылды. Сонымен қатар қалалар мен елдімекендердің аумақтарын көркейту ережелерін бұзған 4 700-ден астам адам әкімшілік жауапқа тартылды, олардың ішінде 1 400-ге жуық адам қоғамдық орындарды ластау үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Рейдтік шаралар барысында құқық қорғаушылар тиісті мемлекеттік органдармен бірге халыққа қоқысты белгіленбеген жерлерге тастауға болмайтынын түсіндіруде.

Полиция департаменті қоқыс тастаудың куәгері болсаңыз, «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив