ШҚО-да заңсыз еңбек мигранттары анықталды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО-да заңсыз еңбек еткен Өзбекстан Республикасының 13 азаматы анықталды. Олар облыс орталығында ғимараттарды жөндеумен айналысқан.
Рейдтік іс-шаралар барысында анықталғандай, шетелдік азаматтар елге қыркүйек айының ортасында келген, бұл ретте олардың уәкілетті орган берген еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсаты болмаған. Жұмыс беруші шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанда облыс аумағында "Заңсыз келуші -2023" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Бір күннің ішінде Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзған 50-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.