KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскеменде "Flood Challenge" хакатоны өтті

13.08.2024, 09:04 103 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығындағы “Oskemen IT-hub” базасында "Flood Challenge" атты Хакатон өтті.

Хаб жетекшісінің айтуынша, шараның негізгі мақсаты - Төтенше жағдайларға ден қою және су тасқынынан келетін залалды барынша азайту мақсатныда Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайларын болжау бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеу, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл хакатонның финалына мүдірмей 3 қатысушы жеткен. Екеуі Шығыстың жас өнертапқыштары болса, біреуі Қырғызстан мемлекетінен қатысқан.

- Бүгінгі хакатонда тек Шығыста ғана емес, республика бойынша өзекті болып отырған су тасқыны мәселесін шешуге арнадық. Төтенше жағдайдың алдын алуға өнертапқыштар 3 апта өз жобаларын әзірлеп, бізге ұсынды. Бүгін финалға өткен 3 жоба эксперттерге ұсынылып отыр, - деді “Oskemen Hub” жетекшісі Дидар Мұратұлы.

Үздік деп танылған жобаның иесіне бас демеуші “Robosoft” компаниясының атынан сыйақы табысталды. Сондай-ақ жоба иесі енді аталмыш компанияда үш ай бойы жұмыс істеп, тәжірибе жинақтай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив