Өскемендегі мектепте 70 жылдан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Облыс мектептерінде жаңа оқу жылына әзірлік қарқынды жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан облысының әкімі күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №2 мектепте болып, күрделі жөндеу жұмыстардың барысын бағамдады.
Қолданып жатқан материалдардың сапасына ерекше назар аударып, оқытушылар құрамымен кездесті. Оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау керек екенін айтты өңір басшысы. Мектеп директоры Жанат Омарованың айтуынша, 1953 жылы салынған бұл ғимарат 70 жыл бойы мүлдем жөндеу көрмегенін атап өтті.
Мектептің іргетасы күшейтілген, бүгінде ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар су, жылу, электр желілері толықтай жаңартылуда. Нысанда 40 шақты адам еңбек етіп жүр. Барлық жұмыстар оқу жылының басына дейін аяқталады деп сендірді мердігер компанияның өкілі.
Атап өтерлігі, бұл мектепте 600-ге тарта оқушы білім алады, олардың 49-ы инклюзивті оқытуды қажет ететін балалар.