KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Ертең ШҚО-да күн ыстық болады – Қазгидромет

Фото: depositphotos.com

13.08.2024, 17:30 73 Ержан Әбіш

Қазгидрометтің ақпаратынша, 14 тамызда ШҚО-да ауа температурасы 35 градусқа дейін ысиды. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

ШҚО ТЖД күндіз көшеге шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

­– Ыстық күндері далада қарқынды физикалық белсенділік танытпаңыз. Тек рұқсат етілген жағажайларда шомылыңыз және балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Мас күйде суға түсуге болмайды.
Ал қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында орманды жерлерге бармаған жөн. Сондай-ақ от жағуға да болмайды, әсіресе жақын жерде құрғақ шөп болған жағдайда. Балаларға отпен ойнаудың қаупін түсіндіріңіз.
Тағы бір ескеретін жайт, көлік терезесінен сөндірілмеген темекі тұқылын, шыны ыдыстарды тастамаңыз, – деп мәлімдейді ШҚО ТЖД.

ТЖ кезінде 101 және 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив