KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 2 м/с, В
529.7 545.96 5.17

Өскеменде инклюзивті футбол секциясы ашылады

instagram/oskemen_aleumet

24.08.2024, 10:00 152 Назерке Каримова

Оған қаладағы аутизмге шалдыққан және Даун синдромы бар балалар қатыса алады.

Спорт секциясы «UNI Football League» - Аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған инклюзивті футбол лигасы бірегей жобасы аясында ашылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ақпаратына сүйенсек, жоба Қазақстанның 9 қаласын қамтиды.

- Шымкент, Атырау, Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Семей және Өскемен қалаларында арнайы спорт секцияларына қабылдау жүріп жатыр және командалар жасақталуда. Барлығы 60 бала секцияларға жазылған. Барлығы 160 бала мен жасөспірімді қамту жоспарланған, - деп мәлімдеді Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.


Өскемендегі секцияға +7 705 664 60 16 байланыс нөмірі арқылы хабарласып, тіркелуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу