KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

ШҚО-да өрт қауіпсіздігі сағаты өтті

25.08.2024, 17:00 79 Назерке Каримова

Облыстың халық көп жиналатын орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін ескертетін бейнероликтер көрсетілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Профилактикалық сағат ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдиннің Қазақстандағы жалғыз балаларға арналған «Кидс ФМ» радиосындағы тікелей эфирдегі сұхбатымен басталды.  Өскемен қаласында орналасқан бұл радионы әлемнің кез келген нүктесінен кез келген азамат тыңдай алады. Серік Амангелдин балалардың барлық сұрақтарына жауап беріп, өрттен сақ болу және құтқарушылардың ұсыныстарын сақтау қажеттігін балаларға жеткізді.

Қауіпсіздік сағат аясында ШҚО ТЖД мамандары азаматтарды қауіпсіздік шараларына барынша оқыту мақсатында ауқымды іс-шара өткізді. Облыс бойынша адамдар көп жиналатын нысандарда және лед-дисплейлерде, кинотеатрларда қауіпсіздік ережелерін үйрететін бейнероликтер көрсетілді.

Мұндай жаппай оқыту азаматтардың өрттің алдын алу және төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша білімін кеңейтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив