Көміртегі тотығынан уланған ер адам ауруханаға жатқызылды – ШҚО
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты ауылының тұрғыны пештің тазаланбаған мұржасы себебінен ауруханаға түсті.
Көміртегі тотығынан уланған ер адам 1979 жылғы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Қауіпсіздік мақсатында жылу беру кезеңі басталған уақыттан бастап 194 000-нан астам тұрғын үй тексеріліп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсініктеме берілді. Көбінесе тазаланбаған мұржалардың, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан оқыс жағдайлар орын алып жатады. сол үшін тұрғындардан барынша абай болуды сұраймыз, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 101 және 112 нөміріне хабар беріңіз.
Оқи отырыңыз