KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Құтқарушылар лагерьдегі балалар үшін арнайы шара өткізді – ШҚО

Фото: gov.kz

8.06.2023, 10:34 262

ТЖ қызметкерлері балалардың демалысы қауіпсіз өтуі үшін лагерьлерге барып, көптеген іс-шаралар өткізеді. Олар балаларға техника мен жауынгерлік киімдерді көрсетіп, жеткіншектерге қауіпсіздік шараларын түсіндіреді.

Бұл жолы ШҚО ТЖД құтқарушылары "Көшбасшылар клубы" жазғы лагеріне барып, балаларға қауіпсіздік шараларын үйретті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандардың дерегіне сүйенсек, балалар жазда көп уақытты су обьектілеріне жақын жерде өткізеді. Алайда қауіпсіздік ережелерін әрдайым орындай бермейтін көрінеді.

– Біз өз жұмысымызда балалардың демалысына ерекше назар аударамыз және алаңдаймыз, өйткені оқиғалар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан балалармен жұмыс – ШҚО ТЖД қолдауының арқасында жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың көптеген түрлерінің бірі. Сонымен қатар біз шомылуға тыйым салынған орындарды үнемі қарауылдаймыз, полиция қызметімен бірге қауіпсіздік бұзушыларды анықтаймыз, сондай-ақ су айдындарының жанында демалу кезінде қателіктерден сақтандырып, тұрғындармен әңгімелесеміз, – деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Құтқарушылар балаларға теориялық нұсқау беріп, алғашқы көмек көрсету ережелерін үйретті. Әрдайым тек жабдықталған шомылу орындарына және тек ата-аналарымен бірге бару керек екенін еске салды. Сонымен қатар лагерьдегі балаларға өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелері үйретілді. Сабақ соңында құтқару шеңберін, "Александров арқанын" пайдалану дағдылары бойынша практикалық жаттығулар өткізілді және азаматтардың қауіпсіздігін күзету қызметіне қатысатын кинологиялық құрам таныстырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив