Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Ертең, 28 тамыз күні Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал нысандардағы ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде Өскемен ГЭС ауданында автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.
Оқи отырыңыз