KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Еліміздің үздік тревел-блогерлері Шығысқа келді

27.08.2024, 14:26 305 Ержан Әбіш

Еліміздің үздік саяхатшы-блогерлері бес күн бойы Шығыс Қазақстан облысының көрікті жерлерін аралады. Аталмыш экспедицияны National Geographic Qazaqstan журналы ұйымдастырды, демеушілік көрсеткен ­– Toyota компаниясы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның туристік әлеуетін, көрікті жерлерін әлемге насихаттау, табиғатты қорғауға шақыру.

Экспедиция мүшелері Шығыстың әсем жерлерін су жаңа Land Cruiser Prado 250 көліктерімен аралады. Бұл автомобильдер өте ыңғайлы әрі тау-таспен жеңіл жүреді. Саяхатшылар Қиын-Керіш, Шекелмес, Рахман қайнарында болып, Мұзтауды көрді. 

­– Катонқарағайдағы Қаракөл көліннің атмосферасы мүлдем бөлек, ерекше әсер аласыз. Жол бойындағы сарқырамалардың өзі ­– жеке әлем. Ескі аустриялық жолмен жүрдік. Маршрутымызда фото, видео контент жасайтын керемет локациялар көп болды. Бұл осы сапарды ұйымдастырушылардың біліктілігін байқатты. Ақберел мен Бұқтырма өзендерінің сұлулығы тамсандырды. Сол жерде туристік лагерімізді орнаттық, кешке ән шырқап, бір-бірімізге керемет көңіл күй сыйладық, ­– дейді блогер, ішкі туризм саласының сарапшысы Сымбат Рамазанов.

Экспедиция құрамында National Geographic-тің фотографтары да болды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу