Әскерилер шеберлігін шыңдап жатыр - ШҚО
Өскемен гарнизонының механикаландырылған бригадасында 2024 жылдың екінші оқу кезеңінде жауынгелік даярлық жоспарына сәйкес жеке құрам далалық шеберліктерін және үйлесімділігін жетілдіру мақсатында взводтардың жауынгерлік ату жаттығуы өтіп жатыр.
Биылғы жаздың аптап ыстығына қарамастан атыс сабақтары далада өтіп жатыр. Жаттығу кезінде тактикалық іс-қимылдармен қаруды шебер қолдану және бөлімшелердің оқ атуын басқару, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау басты назарға алынған. Сол сияқты жеке құрамның бөтен жерде ұрыс қимылдарын жүргізуі, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, взводтың атысын басқару сияқты жаттығулар пысықталып, ұрыс машиналарын қозғалыс кезіндегі ату шеберлігі шыңдалуда.
Жауынгерлік машиналар паркіне келіп, белгілеген шартты ауданға марш жасау жөнінде жауынгерлік тапсырма болды. Жеке құрамның қимылы анықталған соң автокөліктер легі оқу-жаттығу полигонына жол тартты. Марш кезінде мотоатқыштар және танк взводтары тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындаудан шеберліктерін жетілдірді.
Оқу полигонында жеке құрамға жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында рота командирлері түрлі тақырыптарда нұсқаулық-әдістемелік дәрістер өткізді.
Жауынгерлік атысты қамтамасыз ету үшін жеке құрам штаттық қарулардан оқ атып, жекелеген мақсаттар бойынша жаяу әскердің жауынгерлік БМП машинасына орнатылған зеңбіректерден түнгі және күндізгі уақытта нысаналарды көздеп оқ атуды, сондай-ақ нақты жауынгерлік жағдайда дәлдеу тапсырмалары мен нормативтерін орындауға кірісті.
Оқу полигонында жеке құрамға жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында рота командирлері түрлі тақырыптарда нұсқаулық-әдістемелік дәрістер өткізді.
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі