KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Бөлімшелердің атыс жаттығулары өтіп жатыр – ШҚО

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

22.01.2024, 20:19 59

Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінде Қарулы Күштердің жауынгерлік жоспарына сәйкес жеке құрамның мамандықтар бойынша сабақтары аяқталып, оқу-жаттығу полигонында экипаждардың жауынгерлік атыс сабақтары басталды.
Жаттығу барысында ұрыс жүргізу тәсілдері пысықталады. Бөлімшелердің өзара іс-қимыл мақсаты -  далалық жағдайда практика жүзінде орындалатын тактикалық даярлық сабақтарында бөлімшелердегі жеке құрамның белгіленген нысаналарды атып жою нормативтері мен ұрыстағы әртүрлі іс-қимылдарын орындауды үйлестіру, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Далалық сабақ аясында мотоатқыштар батальонының бөлімшелері атыс алаңында ұйымдастырылған шартты жау шоғырына атыс жүйесін қолдана отырып шабуылдап, оқу кезінде алған білімдерін, ұрыстың әртүрлі айла тәсілдерін көрсетті.

- Бүгін оқу-жаттығу полигонына келдік. Ең алдымен взвод командирі жауынгерлік бұйрықты жеткізді. Келесі кезеңде іс-қимыл әрекетіне сәйкес тапсырмаларды орындауға кірістік. Оқу-жаттығу барысында ұрыс жүргізу тәсілдері пысықталады, - деді бөлімше командирі кіші сержант Курбанжон Насыров.

Ауа райының кез-келген жағдайында жоспарлы сабақ бөлімшелердің жоғары психологиялық және дене төзімділігін шыңдауға, әскери қызметшілердің біліктілігін артыруды көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив