3 мыңнан астам зейнеткер спорттық нысандарға тегін барады – ШҚО
Фото: Жәнібек Серік
Шығыс Қазақстан облысында 3423 зейнеткер 167 спорттық нысанда орналасқан 274 секцияға тұрақты әрі тегін барады. Аталған секцияларда олармен 241 нұсқаушы жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыста 169 мыңнан астам зейнеткер бар. Аға буын өкілдерінің белсенділігін арттыру, оларды қоғамдық-саяси іс-шараларға қатыстыру мақсатында облыстық кешенді жоспар әзірленіп, іске асуда.
Қазіргі уақытта 3423 зейнет жасындағы адам 167 нысанда орналасқан 274 секцияда бос уақыттарын өткізуде. Атап айтсақ, Өскеменде 16 нысан (оларға зейнет жасындағы 655 адам барады), Риддерде 10 нысан (375 адам), Алтай ауданында 14 нысан (343 адам), Глубокое ауданында 46 нысан (500 адам) қолжетімді. Зайсан ауданында 11, Катонқарағай ауданында 14, Үлкен Нарын ауданында 17, Самар ауданында 2, Күршім ауданында 3, Марқакөл ауданында 2, Тарбағатай ауданында 11, Ұлан ауданында 13, Шемонаиха ауданында 8 нысан бар.
Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда және жалғасады.