KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да екі мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан спортпен шұғылданады

25.11.2019, 11:37 187

Шығыс Қазақстанда спортқа ден қойған 2 150 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің басшысы Дина Байбудинова мәлім етті.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында талантты адамдар өте көп. Олардың әрбір жетістігіне қуанамыз. Бүгінде облысымызда мүгедектердің спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда. Атап айтсақ, аталмыш санаттағы адамдар бара алатын спорттық нысандар саны артуда, оған қоса денешынықтыру-сауықтыру орталықтарына, тренажер залдары, бассейндер мен стадиондарға тегін кіру мүмкіндігі қарастырылған. Ал балалар үшін паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінен арнайы секциялар қызмет көрсетуде. Мектептер жанынан спорттық үйірмелер, ал балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тегін секциялар ашылған, – дейді Д.Байбудинова.

Айта кетейік, 2015 жылы облыста аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы құрылған болатын. Қазір құрамында үстел теннисі, суда жүзу, пауэрлифтинг, теннис, футбол, хоккей, шаңғы жарысы, жеңіл атлетика, арбада отырып би билеу, қол күресі, парадзюдо, нысанаға оқ ату, ат спорты, Спешиал Олимпикс секциялары бар клубқа 490 адам мүше. Бүгінге дейін клуб спортшылары түрлі деңгейдегі 32 жарысқа қатысып, 100 адам еңбегі сіңген спорт шебері атағын алып үгеріпті. Ал клубтың тағы екі мүшесі халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу