KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Бүлдіршіндер ашық аспан астында кино тамашалады - Өскемен

30.08.2024, 09:28 125 Ләззат Қанатқызы

Жазғы демалыстың соңғы күндерін қызықты, әрі есте қаларлықтай ерекше өткізу үшін бейсенбінің кешінде бүлдіршіндер “Нұрлы Жол” саябағына жиналды.

Мұнда "Summer Fest Oskemen-2024" жазғы фестивалі аясында ашық аспан астында кино көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кету керек, бұл жолғы шараның ерекшелігі - қала тұрғындары үлкен экранда жергілікті кинематографтардың туындыларын тамашалап, актерлармен, режиссермен кездесуге мүмкіндік алды.

- Жазғы фестиваль қала күні аясында өткізіліп жатыр. Түрлі шаралар, шеберлік сағаттары жоспарланған. Соның бірі - ашық аспан астындағы кино көрсетілімі. Бүгін біз көпшіліктің назарына облыс маңында түскен фильмдерді ұсындық. Қазір креативті индустрияны дамытудың маңызы артып келеді. Цифрлық технология тетігі арқылы рухани құндылықтың бағасын арттырып, жаңашыл шығармашылық идеяларды жүзеге асыру мақсатында Өскеменде креативті индустрия орталығы ашылады. Онда жергілікті кино өндірісін дамыту жоспарымызда бар. Яғни бүгінгі шараның басты мақсаты - балалар арасында да шығармашылық орта, шығармашылық көзқарас қалыптастыру, - деп атап өтті шараның ұйымдастырушысы Аяжан Қайырханқызы.

Қысқаметражды фильмде басты рөлді ойнаған жас актерлар қатысушылармен тілдесіп, киноға түсудің қызығы мен қиындығын айтып берді.

- Киноға түсу - өте қызық процесс. Түрлі эмоцияны бастан кешесің. Кей кадрлар шынайы шығуы үшін бірнеше дубль жасау керек болды. Ол өте үлкен еңбек, - дейді “Ареал” фильмінде басты рөлді сомдаған Кирилл.

Шара Ғалия Өтебекованың "Ұмайдың оралуы. Жезтырнақ туралы аңыз” («Возращение Умай. Легенда о Жезтырнак») туындысының тұсаукесерімен басталып,  соңында толықметражды "Дос Мұқасан" фильмі көпшілік назарына ұсынылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу