KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Respublica партиясы ШҚО балаларына 100 рюкзак сыйлады

Respublica партиясы ШҚОФ
Respublica партиясы ШҚОФ
30.08.2024, 20:00 78 Назерке Каримова

Өскемен қаласы мен Самар, Тарғын, Глубокое, Сағыр ауылы, Касым Кайсенов кентінің балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында партияның тең төрағасы Сырымбек Таудың қолдауымен Respublica партиясы биылғы көктемде баспаналарын су басқан өңірлердегі балаларға оқу құралдары салынған 1600 рюкзак сыйға тартты.

Оның 100 данасы ШҚО филиалына келген болатын.

Respublica партиясы ШҚО филиалының төрағасы Есенберди Толеубай Самар, Тарғын, Глубокое, Сағыр ауылы, Касым Кайсенов кенті және Өскемен қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының 1, 2-сынып оқушыларына 100 дана «Алаш топтамасын» тарту етті.

Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын сабаққа дайындауға қолдау көрсету.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив