KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

ШҚО-да үш мыңдай балаға оқу құралдары бар сөмке табысталды

«AMANAT» партиясының ШҚО филиалынан

30.08.2024, 14:00 118 Назерке Каримова

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында облыста «Баланы мектепке даярлайық» акциясы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Акция басталған бір ай көлемінде облыс бойынша 2700-ден астам  балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке табысталды.

- Біз «Баланы мектепке даярлайық» акциясы арқылы көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға барынша қолдау көрсетудеміз. Балалардың жаңа оқу жылында мектепке баруына ешқандай кедергі болмауы қажет. Сондықтан ата-аналамен бірлесіп оларды мектепке даярлауға атсалысамыз. Осы акцияның барынша көп баланы қамтуына ықпал етіп бірлесе жұмыс атқарған депутаттар мен белсенді партияластарға алғыс айтқым келеді, - дейді  «AMANAT» партиясының ШҚО филиалының төрағасы Сайрангүл Жумадилова.


Партияның бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде  ұйымдастырылып келе жатқан шараға меценаттар, бастауыш партия ұйымдары, депутатар белсенді қатысты. «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында көпбалалы отбасылардың, аз қамтылған отбасылардың жетім балалар, мүгедек балалар көмек алды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив