KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Рахман қайнарының жолы қарқынды жөнделіп жатыр

31.08.2024, 23:00 99 Назерке Каримова

Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолын 2025 жылы аяқтап, қолданысқа беру жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты «ҚазАвтоЖол» ҰК ақпаратына сүйеніп.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолының 56-72 және 72-88 шақырымы аралығындағы учаскелерінде қайта жаңарту жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.

– Учаскенің жалпы ұзындығы 28 шақырым және ол Өскемен, Алтай қалалары мен басқа да жақын елдімекендерді байланыстыратын негізгі жолдың бірі, –«ҚазАвтоЖол» ҰК. – Осы учаскеде жөндеу жұмыстарын бастау үшін жер санатын мемлекеттік орман қорынан көлік санатына ауыстыру біраз қиындықтарды туындатқан болатын. Қазіргі таңда барлық қажетті шаралар аяқталып, жер санатын ауыстыруға мемлекеттік акт алынды.


Бүгінгі күні келесіде жұмыстар атқарылды: 

- Бұрғылап жару жұмыстары: 529,2 мың м3 немесе жоспардың 96 %-ы;

- Топырақтың құнарлы қабатын алу: 62,4 мың м³ немесе жоспардың 73%-ы;

- Топырақ үйіндісін салу: 53,9 мың м³ немесе жоспардың 49%-ы.

- Топырақты тасымалдау: 219 мың м³ немесе жоспардың 100%-ы.

Биыл бұрғылап жару, жер және Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірге тірек орнату жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

2025 жылғы жоспарға барлық жұмыстарды аяқтап, нысанды қолданысқа беру көзделген. Бұл жұмыстарға көпір салу, жол жабынын төсеу, сондай-ақ жол инфрақұрылымын абаттандыру және бекіту жұмыстары қарастырылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив