ШҚО-да жаңбырдың арты қарға ұласады
pexels.com
Алдағы күндері облыста 2 градусқа дейін күн суытады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 2 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Күннің екінші жартысында жаңбыр жылбысқы қарға ұласуы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Ал 3 қыркүйекте облыстың шығысында түнде жаңбыр қарға ұласады, 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.