KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

ШҚО полицейлері 38 млн теңге қарызы бар азаматты іздеп тапты

Фото: polisia.kz

11.09.2024, 17:01 91 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 38 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты іздеп тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам бір жылдан астам уақыттан бері қарыз алушы мен сот орындаушыларынан жасырынып жүрген. ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасына жеке сот орындаушысынан 38 миллион теңгеден астам қарызы бар, өткен жылдың наурыз айынан бері өскемендік тұрғынға қарызын бермей жүрген борышкерді іздеуге беру туралы қаулы келіп түскен. Қызметкерлер бір тәуліктен де аз уақыт ішінде Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген борышкерді іздеп тапқан.

Тәртіп сақшылары берешекті өндіріп алу шараларын қолдану үшін уәкілетті органдарға ақпарат берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық тәртіп сақшылары 30-дан астам борышкердің мекенжайын анықтаған. Осы ретте ШҚО полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу