Тәртіп сақшылары 30 млн берешегі бар азаматты тапты – ШҚО
Фото: Шартты сурет
ШҚО полицейлері 30 млн теңгеге жуық қарызын төлеуден жалтарып жүрген борышкерді тапты.
Ұлан ауданының полиция бөліміне Астана қаласындағы жеке сот орындаушының қаулысы келіп түскен. Онда шаруа қожалығына 30 млн теңгеге жуық қарызын қайтармаған 52 жастағы азаматқа іздеу жарияланғаны жөнінде жазылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәртіп сақшылары хабарламаны алғаннан кейін жедел түрде шара қабылдап, бір тәулік ішінде іздеудегі азаматты тапты. Бүгінгі таңда мәлімет берешекті өндіріп алу бойынша шара қабылдау үшін құзырлы органдарға табысталған.
Облыстағы полиция қызметкерлері жыл басынан бері 20-дан астам борышкерді анықтаған.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі құқық бұзушылықтың осы түрі үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 139-бабы) қарастырылғанын ескертеді.