KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Полицейлер борышкерді бірнеше сағаттың ішінде тапты - Өскемен

Фото: depositphotos.com

31.05.2024, 13:10 201 Ержан Әбіш

Өскемен қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне бір жылдан астам уақыт қарызын кайтармай жүрген ер адамды іздестіру туралы өтініш түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ер азамат танысынан шағын бизнесті дамыту үшін 6,5 миллион теңгеден астам қарыз алған. Бірақ ол ақшаны белгіленген мерзімде қайтармай, ұзақ уақыт жалтарып жүрген.

Сол күні тәртіп сақшылары бірнеше сағат ішінде борышкердің қайда екенін анықтап, оны қарыз өндірумен айналысатын сот орындаушысына тапсырды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 80-нен астам борышкерді анықтаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу