KZ
Өскемен
-4°
плотный туман жел 1 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да автобустарға арналған диспетчерлік жүйе құрылатын болды

22.04.2019, 09:13 169

Облыс әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде қоғамдық көліктерге жолақысын төлеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу және Өскемен мен Семей үшін жаңа автобустар сатып алу жобасы жөніндегі мәселелер қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиынды өткізген аймақ басшысы Даниал Ахметов аталмыш жоба аясындағы барлық конкурстар ашық форматта өтуі тиіс екенін ескертті.

Автоматтандырылған билеттендіру жөніндегі жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашық конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл жоба бойынша қалалық жолаушылар көліктеріне арналған ақпараттық диспетчерлік жүйе құрылуы тиіс. Аталмыш бағыттағы жұмыстарды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Өскемен қаласының әкімдігі және «Өскемен қаласы жолаушылар тасымалын басқару орталығы» серіктестігі қолға алып отыр. 

Кеңесте сөз алған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов жоба туралы ақпарат беріп өтті. Оның айтуынша, Өскемен шаһары бойынша 57 автобустық және 4 трамвайлық бағыттар осы жүйеге кіріктірілетін болады, яғни 522 автобус пен 28 трамвайды қамтымақ.

Жобаға диспетчерлендіру, жолақысын электронды түрде төлеу жүйелері, мәліметтерді өңдеу орталығы, жол жүру билеттерінен алынатын эмиссия орталығы, сондай-ақ барлық бағдарламалық және аппараттық құрылғылар, көліктерге қойлатын жолақы төлеуге арналған жабдықтар енеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив