KZ
Өскемен
+3°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жоспардан тыс тексерулер жүргізілді

18.09.2024, 17:30 87 Айжанат Бақытқызы

Әртүрлі тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 14 талдау жасалды. Оның ішінде отын-энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және телекоммуникация қызметтері бар. Осы талдаулардың төртеуі жоспарлы, ал 10-ы жоспардан тыс болғанын айта кеткен орынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.


Наталья Петрованың айтуынша, бүгінгі күні тағы да бес талдау жұмысы қолға алыныпты. Мұндағы басты мақсат – 
бәсекелестік деңгейін анықтау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерді іздеу және монополиялық қызметтің алдын алу шараларын әзірлеу. 


 – Талдау процесінде тауар нарығындағы қалыпты бәсекелестікке кедергі келтіретін жағдайлар анықталып, тиісті шаралар қолданылады, - деді департамент басшысы.    


Естеріңізге сала кетейік, мұндай талдауларды жүргізуге монополияға қарсы органның бір өкілі мен департамент қызметкерлері болып табылмайтын 12 адам тартылған. Олар айына бір рет отырыс өткізіп, проблемалық тақырыптарды қозғап, тиісті шешімдер қабылдайды екен. Наталья Петрованың айтуынша, осы күнге дейін туындаған мәселелер бойынша қажет болған жағдайда нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп, мәселелер шешімін табады. Ал республикалық деңгейде шешуді талап ететін жағдайлар Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің орталық аппаратына жіберіледі.


–     Департамент қызметі бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, бизнесті дамыту жолындағы кедергілерді жоюға және монополиялық қызметтің алдын алуға бағытталған. Біздің іс-әрекеттеріміз қолайлы бәсекелестік ортаны құруға, кәсіпкерлік үшін жағдайларды жақсартуға және өңірдегі тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал ететініне сенімдіміз, – деді Наталья Петрова.
 
                                                                                                                                                   Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив