KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Серебрянскіде ТКШ саласы үшін құбырлар өндірісін жолға қою жоспарлануда

19.09.2024, 19:00 1 023 Қуаныш Рахметоллаұлы

Серебрянскіде 1969 жылы іске қосылған бейорганикалық өндіріс зауыты, қала тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп келген еді. Зауытта роликті сүзгі материалдарын, респираторларды, ауаны жұқа тазарту сүзгілерін, өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы пластмассадан жасалған бұйымдарды өндіру жолға қойылды. Сондай-ақ ағаштан бұйымдар шығару, стандартты емес жабдықтар мен технологиялық жабдықтар жасау цехтары жұмыс істеді. Алайда 2012 жылдан бастап зауыт тоқырау кезеңін басынан өткізе бастады. Тапсырыс төмендеп, жұмысшылар саны күрт азайды. Кәсіпорынның бойына қан жүгіртуге келген инвесторларда, зауыттың жұмысын алдыға бастыра алмады. 2021 жылы зауыт коммуналдық меншікке берілді. Биылғы жылы мүлік "Ертіс ӘКК"АҚ жарғылық капиталына өтті.

“Инвесторлармен бірлесіп мұнда жылу, сумен жабдықтау және кәріз құбырларының өндірісін жолға қою мүмкіндігі қарастырылуда. Қажетті жабдықты жеткізетін Алматы компаниясы қызығушылық танытты. Біз өз тарапымыздан  ғимаратты ретке келтіретін боламыз”, - деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Инвесторлармен түсінбеушілік  болмас үшін ӘКК-де комплаенс-жүйе іске қосылды. Бұл инвестор келісімшарттар жасалмай тұрып-ақ сенімділікке тексерілетінін болады.

Сондай-ақ, зауыт ғимараттарының бірінде мәдени-демалыс орталығы, көші-қон қызметі орналасады деп болжануда. Ал модернизациядан кейін мұнда Серебрянск технологиялық колледжінің студенттеріне арналған жатақхана пайда болуы мүмкін.  Демек колледж қабырғасында өзге өңірлерден келген жас өспірімдер де білім алуға қол жеткізбек. Бейорганикалық өндіріс зауытының жалпы ауданы 64 мың шаршы метрді құрайды, аумақта 24 өндірістік және қосалқы корпус орналасқан.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу