KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Ермек Көшербаев: – Шағын және орта бизнестің үлесін арттыру қажет

24.05.2024, 11:07 142

Облыста бірыңғай елдік пулға енген барлығы 35 жобаны іске асыру жоспарланса, оның ішінде құны 81 млрд теңге болатын сегіз жоба былтыр жүзеге асырылды. Биыл инвестиция көлемі 50 млрд теңге болатын 10 жобаны қолданысқа беру көзделіп отыр.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының XIII сессиясында аймақ басшысы Ермек Көшербаев  өңірдің даму жоспарын іске асыру және былтырғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі баяндамасында мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кету керек, елдің пулға енген жобаларға мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие мен жер учаскелерін беру түрінде қолдау көрсетіледі.

– Бүгінгі таңда облыстың жалпы өңірлік өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 35 пайызға дейін жетті. Салыстыру үшін айтайын, еліміздің ең дамыған қаласы, республикалық бюджеттің доноры саналатын Алматы экономикасының құрылымында өнеркәсіптің үлесі бар-жоғы 5 пайыз ғана. Оңтүстік мегаполистің жалпы өңірлік өнімінің негізгі үлесі шағын және орта бизнес есебінен қалыптасып отыр. Біз алдағы уақытта осы межеге ұмтылуымыз керек, – деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу