KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзгерту енгізілмек

20.09.2024, 19:00 257 Айжанат Бақытқызы

Келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар санаты салық агенттерімен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалармен толықтырылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Нұрлан Қыстаубаев ашық есік күнінде мәлім етті, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Оған түрлі саланың мамандары қатысып, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен құқықтары туралы кеңінен ақпарат алды.

"Жұмыс істейтін азамат, сондай-ақ, ол қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелері  әлеуметтік тәуекел туған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлем алуға құқылы. Төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар төленген табысқа, сонымен қатар аударымдарды төлеу ұзақтығына байланысты болады", – деді Нұрлан Қыстаубаев. 

                                                                                                                                                            Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив