KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: news.myseldon.com

24.09.2024, 11:30 247 Айжанат Бақытқызы

Оқиға 23 қыркүйек күні таңертең Бажов көшесінде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 «Toyota Mark 2 көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде адамды қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші жеңіл жарақат алды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйекте қалада жаяу жүргіншілердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Оның бірі Космический көшесінде болса, Тоғас көшесінде орын алған екінші жол-көлік оқиғасында жүргізуші 2005 жылы туған жігітті қағып, ол алған жарақатынан көз жұмды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу