Өскеменде қоғамдық көлік баланы қағып кетті
шартты сурет
Облыс орталығында қоғамдық көлік баланы қағып кетті. Оқиға бүгін таңертең Бажов көшесінде болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Жүргізуші кәмелет жасқа толмаған қала тұрғынын жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен. Жаяу жүргінші жарақат алды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Жәбірленушінің денсаулығына қаншалықты нұқсан келгенін анықтайтын сараптама тағайындалды.
Оқи отырыңыз