KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Жыл соңына дейін 342 нысан ерекше жандар үшін бейімделеді – ШҚО

Фото: depositphotos.com

25.09.2024, 14:26 161 Ержан Әбіш

Биыл ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 383 әлеуметтік нысанды бейімдеу жоспарланған. Бүгінге дейін олардың 41-і бейімделген, қалған жұмыс жыл соңына дейін аяқталуға тиіс, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова мәлімдеді. 

– Мүмкіндігі шектеулі жандарды техникалық құралдармен және қызметтермен (мысалы, жеке көмекшілер, ымдау тілі аудармашылары, санаторий-курорттық емдеу) қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. 2024 жылы бұл мақсатқа облыста 3 миллиард 303 миллион теңге қарастырылған, – деді ол.

Шығыс Қазақстан облысында 28 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Олардың ішінде I топтағы мүгедектігі бар – 3,2 мың адам, II топтағы – 12 мың адам, III топтағы – 10,3 мың адам. Сондай-ақ 2,9 мың баланың мүгедектігі бар. 
Облыс аумағында 4 270 адам көру қабілетіне, 1 093 адам есту қабілетіне, ал 8 187 адам қозғалыс қиындықтарына байланысты көмекке мұқтаж.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу