KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность Штиль
478.54 533.76 5.17

Бүгін Өскеменде жылыту маусымы басталады

Фото: depositphotos.com

Кеше, 15:00 70 Ержан Әбіш

«Шығыс Жылу» АҚ-ның бұйрығына сәйкес, 2024-2025 жылғы жылыту маусымы 26 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кәсіпорынның хабарлауынша, жылыту жүйесіне қосу кезең-кезеңімен, жылу тұтыну нысандарының техникалық дайындық деңгейіне қарай төрт күн ішінде жүзеге асады. Техникалық дайындық паспорты жоқ нысандар барлық қажетті жұмыстарды аяқтағаннан кейін ғана қосылатын болады.

25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, қатты отын қоры 17 580 тоннаны құрайды, бұл ­– 31 күндік қор.

Жылыту жүйесіне қосу күндері туралы ақпаратты келесі ресурстардан алуға болады: ukteplo.kz сайтының жеке кабинеті, «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасы, +7 747 427 40 22 WhatsApp чат-боты, Telegram-дағы @UKTSbot чат-боты.

24 қыркүйекке дейін 53 мектеп, балабақша және басқа да балалар мекемелері, 29 медициналық мекеме, 12 әлеуметтік нысан және басқа да объектілер, жылу энергиясының есептегіш құралдары мен дайындық актілері бар мекемелер жылытуға қосылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив