KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Өскеменде кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

27.06.2024, 11:32 78 Ержан Әбіш

1 шілдеден бастап Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша ХҚКО азаматтарды кезекші кесте бойынша қабылдайды. Бұған дейін кезекші ХҚКО Белинский көшесі, 37А мекенжайында болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кезекші ХҚКО-ның әдеттегіден айырмашылығы жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы кезекшісінің мекенжайы өзгеріссіз қалады: Абай даңғылы, 203/2. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, әдеттегі кесте бойынша ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив