Дүйсенбіде тек кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары істейді
![](/kz/uploads/posts/2024-07/whatsapp-image-2024-07-04-at-14_32_08.webp)
"Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ
Елорда күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 6 шілде күні жұмыс істеген жоқ.
Дүйсенбі күні, яғни 8 шілдеде азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кетейік, 9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20.00 аралығында және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00 аралығында, сенбі күні 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Орталықтарға кезекті "ХҚКО" және "eGovmobile" қосымшалары, egovkzbot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы брондауға болатынын ескере кетейік.
Кезекші орталықтардың мекенжайларымен https://t.me/gov4c_resmi/993 сілтемесіне өтіп, таныса аласыз.