KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Өскеменде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді

29.03.2024, 18:00 85 Ынтымақ Толқын

1 сәуірден бастап кезекші ХҚКО Белинский көшесі, 37а мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсетеді.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал Сәтбаев даңғылы, 34/2 мекенжайында орналасқан ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының кезекші мекен-жайы мен жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив