KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Ұлттық банк коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Фото: Nationalbank.kz

Бүгін, 19:00 5 Ержан Әбіш
Қазақстан ұлттық банкі «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталар 2024 жылғы 3 қазаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

«SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN монетасы әлемде бейбітшілік орнасын, әр отбасына береке келсін деген идеяны насихаттайды.

«Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» — бейбіт заманда тату-тәтті өмір сүр, әр отбасында тыныштық болсын, жылулық ұяласын деп күллі адамзатқа айтылған ізгі тілек, — делінген хабарлмада.

Монеталар күмістен жасалған. Сынамасы — 925/1000. Монета массасы — 31,1 грамм, диаметрі — 38,61 мм, номиналы 1 000 теңгелік, таралымы — 2 000 дана.

 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға, сонымен қатар елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив