Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа коллекциялық монеталар шығарады

Фото: nationalbank.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа монеталардың шығатындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.
JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталары туралы
Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы және Алтын Орда атанған Жошы ұлысының негізін қалаушы. Ұлытау облысында маңызды тарихи ескерткіш – Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын Жошы хан кесенесі орналасқан.
Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы –Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан.
Монеталар:
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 5 000 теңгелік, таралымы – 100 (жүз) дана;
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 311 грамм, диаметрі 75 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы
2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы
1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;
– МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 8 000 (сегіз мың) дана.