KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Өскемен жастары ел болашағы үшін жауапты шешім қабылдады

Бүгін, 12:18 2 Ержан Әбіш

Кеше елімізде тарихи сәттердің біріне куә болдық – халқымыз маңызды шешім қабылдауға тікелей қатысты. Бұл шара елдің болашағы үшін жауапкершілік алуға және өз шешімін қабылдауға мүмкіндік берді. Облысымыздың жастары да бұл саяси науқанға белсене атсалысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Жетекші жоғары оқу орындарының студенттері «Jastar energy» қозғалысын құрып, өз бастамаларымен қатарластарына, студенттерге атом электр станциясын салудың мәні, маңызы және пайдасы туралы ақпарат берді. Бұл олардың саяси сауаттылығын және елдің ертеңі үшін алаңдаушылығын айқын көрсетті. 

– Бұл біздің жастарымыздың ел ертеңіне деген жауапкершілігін және саяси тұрғыдан белсенді екенін дәлелдейді, – деп атап өтті ШҚО Қоғамдық кеңесі жастар ісі жөніндегі комитетінің басшысы Айдос Әділбеков.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив