"Ел Дауысы" қоғамдық қоры референдум барысындағы жұмыс нәтижесімен бөлісті
Фото: depositphotos.com
6 қазан күні Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша референдум өтті. Осы маңызды шара аясында "Ел Дауысы" қоғамдық қоры 970 бақылаушы мен 37 өңірлік үйлестірушінің қатысуымен ауқымды тәуелсіз бақылау жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Петропавл, Астана, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларындағы бақылаушылар белсенділік танытты. Осы қалаларда бақылаушылардың ең көп саны жұмылдырылып, дауыс беру барысы мұқият қадағаланды.
- Бақылаушыларымыз қатысқан барлық учаскелерде қорытынды хаттамалар қолда бар. Бұл бізге дауыс беру барысы туралы нақты көрініс жасауға мүмкіндік берді.
Референдумда бірнеше бұзушылықтар анықталғанымен, жалпы процесс ашық және әділ өтті. Бұл нәтиже қорытындысына ешқандай әсерін тигізбеді.
Барлық бақылаушыларымызға адал еңбегі үшін алғысымды білдіремін және болашақта азаматтық қоғамды дамыту мен демократиялық стандарттарды нығайту үшін одан да үлкен үлес қосамыз деп сенемін! - деді қордың жетекшісі Аида Жексенова әлеуметтік желіде.

Оқи отырыңыз