Бүгін Өскеменде Самар ауданының мәдени күндері басталады
Бүгін Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Самар ауданының мәдени күндері басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бағдарламаға сәйкес 27 қыркүйекте сағат 18:00-де облыстық филармонияның (Протозанов көшесі, 43) көрермен залында ауданның шығармашылық ұжымдары мен әншілерінің концерті өтеді.
28 қыркүйекте сағат 08:00-де «Алтай» сауда орталығында (Жібек жолы даңғылы, 44) ауданның ауылшаруашылық жәрмеңкесі және спорттық ойындардан (гір көтеру, арқан тарту, қой көтеру, тағы басқа) жарыстар ұйымдастырылады.
Осы күні сағат 08:00-де Мәдени қызметті және бұқаралық спортты дамыту орталығында (Стаханов көшесі, 3а) ерлер арасында волейболдан сайыс өтпек.
Сағат 13:00-ге Арбатта ауданның ВИА тобының концерті және «Самар FEST» тақырыбында фотосурет көрмесі жоспарланған.
Келіңіздер, көріңіздер! Кіру – тегін.