Асауды үйрету атқа емес, адамға байланысты
Асау атқа арқан салып, оны ауыздықтау көптің қызыға тамашалайтын көрінісі. Сондықтан "Шығыс салбурынында" асаудың үйретілуін көруге келгендердің қарасы көп болды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
- Жас кезімде өзім де талай асауға жүген салып, жуастануына себеп болдым. Қазір бойымызда бұрынғы жастық күш, білек қарымы жоқ. Сондықтан, мына, ізімізді басып келе жатқан жас буынның өнерін тамашалауға келдім, - дейді фестиваль қонағы Сәрсенбай Шілікбаев.
"Шығыстың салбурынында" ат құлағында ойнайтын жергілікті атбегілер 3 асауды ауыздықтап көрді.
- Асауды үйрету үшін ептілік керек. Өзім асауды бала кезден үйретемін. Мен бір асауды 3-4 күнде жүгендеймін. Асауды ауыздықтау атқа емес, адамға байланысты, - деді атбегі Ақжол Мандат.
Ақерке Рағызбаева
Оқи отырыңыз