Аяжан Даниярқызы: "Салбурынды қыздар дәріптесе, танымалдылығы артады"
Қазақтың сайын даласында салбурынға шығу ерте заманда ерлердің ермегі еді. Бірақ қазір құс баптап, саятшылыққа шығуда нәзікжандылар ерлерге есе бермеуде, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Шығыстың биылғы салбурынында үш бірдей нәзікжанды ерлермен бірге жарысып, аңға бүркіт салып өнер көрсетті. Бозанбайлық сұлу қыздар Айшолпан мен Айзере және Алматыдан ат басын терлетіп келген Аяжан ер азаматтармен тең дәрежеде жарысқа түсті.
21 жасар Аяжанның құсбегілікпен айналысып жүргеніне 3 жыл. Қазір оның баптап жүрген 4 аңшы құсы бар.
- Құсбегілікті үйренгелі бері салбурынға 3-4 рет шықтым. Соңғысында құсты өзім салып көрдім. Жарыстан айырмашылығы, ол жақта не күтіп тұрғанын білмейсің. Қыздардың салбурынға шығуы - бұл салтты ел арасында әп-сәтте танымал етті. Сондықтан қыздар салбурынға шығып, құсбегілікпен айналысатын болса, саятшылық та, құсбегілік те танымалдылыққа ие болады, - деді алматылық құсбегі Аяжан Даниярқызы.
Ақерке Рағызбаева
Оқи отырыңыз