KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Күршімде ескі паромның бірі жөндеуге тұрып, екіншісі жолаушы тасымалдауда

15.10.2024, 14:15 1 262 Ержан Әбіш

Бүгін Күршімде үлкен паром тоқтап қалғанда, орнына «Одесса» шағын баржасы тасымалдауға шықты деген ақпарат жеткен еді. Қосымша алынған деректер бойынша су бетінде көлік қалмағаны анықталды, облыс орталығынан қосалқы бөлшек табылып, ауданға жөнелтілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дәл қазір Өскемен қаласынан паромның қажетті қосалқы бөлшегі алдырылуда. Құзырлы басқарма басшысының айтуынша, паром жөнделіп түстен кейінгі уақытта іске қосылуы мүмкін.

Жалпы, Күршім ауданында Бұқтырманың екі жағалауын жалғастырып келе жатқан 2 үлкен паром мен 1 шағын баржа бар-тұғын. Оның біреуі үздіксіз жолаушы мен көлік тасымалдаса, екіншісі көпір құрылысы кезеңіне материал тасымалдау бағытына тартылған еді. Ескіліктен техникалық ақаулық орын алған үлкен паромды бүгін «Одесса» шағын баржасы алмастырды. Айта кетсек, оған бір мезетте 25-30 көлік сыяды. Аталмыш баржа да бір жағалаудан екіншісіне үлкен паромдай 40-45 минут ішінде жетеді. Өзінің бекітілген режимі бойынша жолаушы тасымалын «Одесса» жалғастыра бермек.

Алдағы уақытта техникалық ақаулық жөнделіп, паром рейске шыққанымен де көпір ашылған соң олардың бұл бағытта жүруі тоқталады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу