KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

«Ертіс» паромының неліктен тоқтап қалғаны белгілі болды

Фото: Жәнібек Серік

23.04.2024, 11:24 270 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қызыл ту» өткелінде қазір бір паром ғана жүріп тұр, екіншісі тоқтап қалды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов мәселенің мәнін түсіндірді.

Басқарма басшысының айтуынша, екінші паромның қозғалтқышы істен шыққан. 60-шы жылдары құрастырылған көліктің бөлшегін табу да оңайға соқпайтын көрінеді. Мамандар қосалқы бөлшекті көрші елдерден де қарастырып жатыр.

Ал қажетті жабдық табылғаннан кейін, мамандардың айтуынша, жөндеу жұмысына шамамен бір айға жуық уақыт кетеді.

Көлік басқармасының өкілдері қазір «Одесса» паромын жүргізуді ойластырып жатыр.

– Бұл паром Прибрежный кентіндегі айлақта тұр. Техникалық жағдайы дұрыс, ақауы жоқ. Тек айлақта әлі мұз жатыр. «Қазақстан су жолдары» компаниясының мамандарымен бірлесіп көлікті алып шығуға күш саламыз. Одесса шықса, әдеттегідей екі паром қатынайтын болады, – деп мәлімдеді бейінді басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу