"Енді қанша жыл шыдауымыз керек?". Күршім паромы тағы да қирап жатыр
«Қызыл Ту» өткеліндегі «Күршім» паромы сынып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын біздің редакциядағылар Бұқтырма су қоймасынандағы паромның аймақ жұртшылығын әбден әбігерге салғанын жазған болатын. Тұрғындардың сағаттап күтетін паром кеше тағы да сынып қалыпты.
– Паром сынып қалды. Әдеттегідей кезекте тұрмыз. Енді қанша жыл төзуіміз керек, – деп күйінді тұрғын.
Куәгерлердің айтуынша, паром 12-ші қазан күндізгі уақытта сынып қалған. Аудан жұртшылығын жағалауда қалдырмас үшін «Светлов» кішкентай баржасы жұмыс істеп тұр. Алайда бұл баржамен шамалап айтқанда, 26-30 жеңіл көлікті ғана тасымалдауға болады.